13 шілде 2015 11:02

Мас әйел Шығыс Қазақстан облысында полицейдің қолын тістеп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстанның Бородулихин ауданында мас әйел хаттаманы жыртып, полицейдің саусағын жаралады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды YK-news.kz Шығыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жезкент ауылында болды. Полицияның учаске инспекторына жергілікті тұрғындар хабарласып, ауылдың екі адамының көше бойында арақ ішіп, өткен-кеткендерге тиісіп отырғанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнында екі адамды ұстады. Учаске инспекторы оларды тәртіпке шақырды. Алайда бұл істерінен дым шықпайды. Кейін полицейлер оларды медициналық куәландыруға жеткізгісі келген, алайда 32 жастағы әйел оған былапыт сөз айтып, толтырылған хаттамасын жыртқаннан кейін саусағын тістеген. 

ШҚО ІІД өкілдерінің айтуынша, бұзақы әйел билік өкіліне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети