Мәскеуде автопилотпен қозғалып келе жатқан Tesla жарылды

11 Тамыз, 17:50
0
Мәскеуде автопилотпен қозғалып келе жатқан Tesla жарылды -

Мәскеуде Tesla автокөлігінің жарылысы түскен видео Желіде пайда болды, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың бірі жариялаған кадрларда жарқыл көрінеді, содан кейін көлікті жалын мен қара түтін қоршайды.

РИА Новости ақпараты бойынша, қалалық мемлекеттік автоинспекцияның баспасөз қызметіндегілер оқиға салдарынан Tesla-ның үш жолаушысы зардап шеккенін хабарлаған. Апат сенбі күні кешке болған.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, электромобиль автопилотпен қозғалып келе жатқан. Ол алдында сынып, эвакуаторды күтіп тұрған көлікті анықтай алмаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай