13 желтоқсан 2016 18:12

Майқұдықта жұмыс іздеуге шыққан студент ізім-ғайым жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 20 жастағы жігіт жұмыс іздеп жүріп, жоғалып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне іздеуде жүрген жігіттің әйелі Айтолқын Аманжол хабарлады.


Қарағандыда 20 жастағы жігіт жұмыс іздеп жүріп, жоғалып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне іздеуде жүрген жігіттің әйелі Айтолқын Аманжол хабарлады.

"Біз Майқұдықта өмір сүреміз. Мейрам бір жаққа кетемін деп айтпады. 5 желтоқсанда үндеместен үйден шығып кетті де, әлі оралған жоқ. Ол бұған дейін бұлай кетпейтін", - деді іздеуде жүрген жігіттің әйелі. 

Мейрам Аманжолдың әйелі оның жоғалмастан бұрын түрлі жолмен нәпақа тапқанын, қарағандылық ЖОО-лардың бірінде оқығанын хабарлады.

"5 желтоқсанда ол жаңа жұмыс жайлы білуге кеткен. Достарыммен және туыстарыммен ол бұрын жұмыс істеген кәсіпорындарға бардым, бірақ ол жақтағылар күйеуімді көрмепті. Жоғалғаннан кейін келесі күні аудандық полиция бөліміне арыз жаздым", - дейді Айтолқын Аманжол. 

Мейрам Аманжолдың үстінде қара күрте, сұр бас киім болған. Қолында спорт сөмкесі болған. Белгілері: бойы 166 см., көзі қара-қоңыр, шашы қара. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіндегіоер Мейрам Аманжолдың жоғалғаы туралы арызды Жаңа Майқұдық полиция бөлімшесі қабылдаған. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүріп жатыр. 

Мейрам Аманжол жайлы мәлімет білетіндерден 8 775 498 6407 нөміріне хабарласу сұралып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети