20 ақпан 2017 10:50

Майқұдықта сал ауруымен дүниеге келген қыздың жантүршігерлік өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ulyanovskcity.ru © ulyanovskcity.ru

Қарағандыда екі жастағы мүгедек қыз ваннадағы ыстық суға күйіп қалған. Оны өз анасының абайсызда құлатып алғаны айтылады. Оқиға Майқұдық ықшамауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде болды, - деп хабарлайды "Наша Ярмарка".


Қарағандыда екі жастағы мүгедек қыз ваннадағы ыстық суға күйіп қалған. Оны өз анасының абайсызда құлатып алғаны айтылады. Оқиға Майқұдық ықшамауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде болды, - деп хабарлайды "Наша Ярмарка".

Октябрь аудандық прокуратурасының мәліметі бойынша, қыз церебрал сал ауруымен дүниеге келген, ал 43 жастағы анасының құлағының мүкісі бар. Әйел қызымен қалаға екі ай бұрын Қарқаралы ауданынан келген.

Былтыр облыстық денсаулық сақтау басқармасының квотасы арқылы республикалық сауықтыру орталығына жолдама алған анасы мен қызы ем алып болғаннан кейін туыстарының үйінде тұрақтаған.

Күйіп қалған қыз 9 ақпанда ауруханаға жеткізілген. Баламен бірге келгендердің сөзінше, анасы қызды ыстық суға абайсызда құлатып алған. Тергеушілер оқиға орнына дәрігерлердің хабарламасынан кейін ғана барады. Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

"Абайсызда өлтіріп алу" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Нәрестенің көз жұмуына байланысты іс ерекше бақылауға алынған. Сараптама қорытындылары да тергеу аяқталғанша жарияланбайды.

Оқиға қалай болғаны туралы түрлі нұсқалар бар. Соның бірі бойынша, анасы қызын шомылдырмақ болып, қызын ваннаға отырғызып суды ашып, шығып кетеді. Алайда ол ыстық суды ғана қосып кеткен болып шығады. Құлағының мүкісі бар болғандықтан, қыздың айғайын естімеген. Дегенмен бұл жағдайға қатысты жауаптан гөрі сұрақтар көп. Бұл жантүршігерлік оқиға түрлі нұсқаларды туғызып отыр екен.

Күйіп қалған қызды ваннадан үйге аяқасты оралған әпкесі алып шыққан. Дегенмен тым кеш болды.

Әйел адамның қызын жалғыз тәрбиелеп отырғаны ғана белгілі болды. Оның жеке өмірінің өзге мән-жайы белгісіз қалып отыр. Ол көршілерімен де еш араласпаған.

"Бала аурушаң еді. Өзі жүргенін еш көрмедім, үнемі қолға алып алатын", - көршілерінің бар айта алғаны осы ғана. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети