Медбикелерге тиіскен мүгедектің видеосына қатысты тергеу басталды

22 Маусым 2017, 10:15
0
Медбикелерге тиіскен мүгедектің видеосына қатысты тергеу басталды -

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер мүгедек науқастың медбикелерге тиіскен сәті түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек осы дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Медициналық мекеме қызметкерлерінен полицияға сексуалдық мәндегі зорлық жайлы хабарлама келіп түспеген. Алайда БАҚ-тарға келген видеожазба мен хабарлама осы деректі сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеуге негіз болады. Осы дерек бойынша тексеру шаралары мен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Видеодағы әйелдерден жауап алынады. Барлығы расталса, ер адам жауапкершілікке тартылады", - деді Алматы қалалық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда мүгедек жігіттің медбикелерге тиіскен сәті түсірілген видео пайда болған еді. Видеода оқиғаның 30 қаңтардан 4 ақпанға дейін болғаны айтылады, № 4 аурухананың мамандары ұсынған видеода науқас медбикелерге қол жұмсап, олардың интим жерлерін ұстап, сүйіп алуды көздейді. Медбике жазған шағымдарының бірінде осы әрекеттердің гемодиализ процедурасы кезінде болғанын айтады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай