28 сәуір 2018 | 10:00

"Медеуде" полицейдің көзінше ойқастаған BMW жүргізушісі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда полицейлердің көзінше "дрифт" жасаған жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлімдеді. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицейлердің көзінше "дрифт" жасаған жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлімдеді. 

Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланған видеодан тюнинг жасалған BMW көлігінің дымқылданған тасжол үстінде "дрифт" жасағанын көруге болады. Осы уақытта бірден тәртіп сақшылары келеді, дегенмен, жүргізуші тоқтамайды. 

Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 сәуірде кешкі 19.00 шамасында болған. Талғар қаласының 1995 жылы туған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"595-баптың 1-тарауы (Маневр жасау ережелерін бұзу), 601-баптың 1-тарауы (Жол белгілерінде көрсетілген талаптарды немесе жолдың жүргін бөлігіндегі белгіні сақтамау) және 630-баптың 1-тарауы (Жолдарды бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети