11 ақпан 2016 16:09

Медициналық университеттегілер Ерасыл Әубәкіровтің қандай студент болғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" Медициналық университетінде оқытушылар мен студенттер Ерасыл Әубәкіровті еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана" Медициналық университетінде оқытушылар мен студенттер Ерасыл Әубәкіровті еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары оқу орнында еске алу бұрышы ашылған. Онда студенттер гүл қойып жатыр. Сонымен қатар, экранда Ерасылдың суреті мен "Еске аламыз, қайғырамыз" деген жазу бар.

"Ерасыл Әубәкіров - үздік студенттеріміздің бірі, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриатты үздік бітірді. Интернатурада (хирургия бойынша) жақсы оқып, шәкіртақы алатын. Ол қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, түрлі жобаларға қатысты. Белсенділердің бірі. Ол мінезінің ашықтығымен, үлкендерге құрмет көрсете білетіндігімен ерекшеленді", - деді жастар ісі жөніндегі декан Алтынбек Нұрмұханов.

Деканның айтуынша, студенттің отбасына материалдық көмек көрсетіледі және әкімшілік өкілдері мен студенттер қоштасу рәсіміне қатысады. 

"Біздің студенттер оны іздеуге қатысқан. Біз үшін бұл ауыр жағдай. Оқытушылар мен студенттердің атынан қайғыға ортақпыз", - деді Нұрмұханов.

10 ақпанда Астанада 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің мәйіті табылған болатын. Қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети