18 тамыз 2014 11:05

Мемлекеттік туды қоқыс төгуге пайдаланған жүргізуші сотта жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото әлеуметтік желілерден алынды Фото әлеуметтік желілерден алынды

Мемлекеттік туды кенеп орнына пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісі сотта жауап беретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, жуырда әлеуметтік желілерде Алматы көшелерінде қоқысты Мемлекеттік тумен жауып алып жүрген жүк көлігінің фотосуреттері жарияланған болатын. 

Полицейлер жүк көлігі жүргізушісінің Алматы облысы Қарасай ауданының 1988 жылы туылған Есенбеков деген тұрғыны екенін анықтады. "Ер адам құрылыс нысандарының бірінен аталған көлік құралымен қоқысты шығарғанын және оны соның алдында тауып алған Мемлекеттік тумен жабуды ұйғарғанын айтты", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Енді күдікті ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 354-1-бабы - "Мемлекеттік туды қолдану тәртібін бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылады.

Өлшемі жарты метр болатын Мемлекеттік ту күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан табылып, тәркіленді. Жүргізуші 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ол жуық арада Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына келуі керек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети