22 желтоқсан 2017 18:07

"Мен қансырап жатқанда ол кекетіп, күліп тұрды" - ақтөбелік әйелді бұрынғы күйеуі пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/zello.aktobe Сурет: instagram.com/zello.aktobe

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері күйеуі пышақтады делінген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. 


Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері күйеуі пышақтады делінген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. 

"Полиция Айсұлу Акиеваның күйеуіне полиция ешқандай шара қолданбады деп бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ер адамға қатысты сол күні әкімшілік хаттама толтырылып, 3 күнге қамауға алынды, сондай-ақ оның тәртібіне қатысты ерекеше талаптар қойылды", - дейді Ақтөбе облысы ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Ерболат Сарықұлов.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 19 желтоқсан 08:00-де zello.aktobe паблигінде жарияланған ақпарат бойынша "102" пультіне әйел адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түскен. Әйел адам өзіне күйеуі жарақаттады деп арызданған. 

"Бұл дерекке қатысты оқиға орнына полиция барып, материал жинады. Заттық дәлелдер алынды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер. 

Мемлекеттік органның ақпараты бойынша, ер адам мен әйелі ажырасқан және кәмелетке толмаған екі баласы бар. 

"19 желтоқсанда А. есімді әйел достарымен қыдырып кеткен, үйіне таң ата оралған. Осы кезде бұрынғы күйеуі әйелді сол иығынан пышақпен жарақаттаған. Мұның алдында да бұл отбасында бірнеше рет жанжал болған", - дейді Ақтөбенің ЖПҚ өкілдері.

Мұның алдында zello.aktobe паблигінде әйелдің жантүршіктірер сөздері жарияланған болатын. Ол күйеуі оны пышақтап, жәбірлеген деген еді. 

"Мен қансырап жатқанда ол кекетіп, "өле қал" деп күліп тұрды. Екінші күн ауруханадамын. Сағат сайын қоңырау шалып, хабарлама жазып қорқытады. Күн сайын қорқынышым артып барады. Элеваторный ауданының учаскелік полицейі Нұрбек мұны бұзақылық дейді. Заң қайда? Мен балаларым мен жақындарымның өмірі үшін қорқамын. Оны тұтқындау немесе психиатрияда емдеуін сұраймын. Бәрін ескертемін. Әкім Бердібек Сапарбаевтың осы жағдайға назар салуын сұраймын", - деп жазыпты әйел. 

 

ИНФОРМАЦИЯ по заявлению гражданки A. Сообщаем, что 19.12.2017 года в 08.00 часов местного времени на пульт 102 поступила информация с ж.д.больницы, о том что гр. А. проживающая по адресу г.Актобе СК «Элеватор-1 Весна», госпитализирована в хирургическое отделение с диагнозом «КОЛОТАЯ РАНА СРЕДНЕ-ТРЕТЬЕГО ПЛЕЧЬЯ», травму получила в ходе семейной ссоры муж нанес ножевое ранение. По данному факту в ж.д.больницу и на место его происшествия СОГ Илекского ОП УВД г.Актобе был осуществлен выезд, где был собран материал, в том числе отобрано заявление о принятии мер и изьяты вещественные доказательства. Назначена судебно-медицинская экспертиза. Гр.А. вместе с законным мужем имеет двух несовершеннолетних детей, на данный момент в разводе. В ночь 19.12.2017 года гр-ка А. ушла гулять с друзьями, пришла домой под утро, в это время бывший муж А. в ходе семейной ссоры, нанес ножом непроникающие удары в область левого плеча. Ранее в данной семье неоднократно происходили семейные ссоры, за что несколько раз УИП Жугинисовым Н.Ж. вынесены предписания, также судом по ходатайству в его отношения установлены особые требования к поведению, также ранее административным судом г.Актобе был арестован на 3 суток за семейный скандал по заявлению гр-ки А. #МПСсообщает

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети