03 сәуір 2017 | 23:08

Мен оның қайтып келетініне соңына дейін үміттендім - Шаханда қайтыс болған от жағушының әйелі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Шаханда қайтыс болған от жағушы Мейрамбек Жиенбаевтың үш және бес жасар екі қызы қалды. Қыздар анасы Фатима Бұхарбаевамен қазіргі уақытта бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Үй алу кезегінде олардың алдында жүзден аса адам тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шаханда қайтыс болған от жағушы Мейрамбек Жиенбаевтың үш және бес жасар екі қызы қалды. Қыздар анасы Фатима Бұхарбаевамен қазіргі уақытта бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Үй алу кезегінде олардың алдында жүзден аса адам тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түнгі он бір жарымда үйімізге учаскелік полицей келіп, мәйітті тану керектігін айтты. Қараңғы болды, мен оны дұрыс көре алмадым. Тек оның киімінен ғана таныдым", - дейді жесір әйел. 

Көп жылдар бойы от жағушының отбасы Өзбекстанда тұрып келген, 2012 жылы тарихи отаны Қазақстанға оралған. Жарылыс болған үйде ол бір ай ғана жұмыс істеген. Сол жерде оны ұқыпты әрі жауапкершілігі мол қызметкер ретінде таныған. "Мен ары қарай не істейтінімді білмеймін. Осы үш ай бойы мен оны күттім, оның қайтып келетініне соңына дейін үміттендім. Осы оқиғаға өзін кінәлайды деп ойлап, туыстарымыздың үйінде тығылып жүрген болар деп ойладым. Белгісіз нөмірден біреу хабарласып, Мейрамбектің қайда жүргенін айтар деп күттім", - дейді от жағушының әйелі. 

Ол өздерінің Қазақстанда туыстары жоғын айтып, ешкімнен көмек күте алмайтынын айтады. Жұмысқа шығайын десе, балаларын тастайтын жер жоқ. Балабақшаға да балаларын алмайды екен, себебі олар Өзбекстан азаматтары болып саналады. Осы себеппен отбасы асыраушысы жоқтығына байланысты жәрдемақы алу үшін құжаттар жасай алмауы мүмкін. 

"Біз жерлеу рәсіміне көмектестік, азық-түлік алып келдік, материалдық тұрғыдан қолымыздан келгенінше көмек бердік. Ертең Шахандағы жарылыстан зардап шеккендерге қарастырылған қордан бір реттік көмек беруді қарастыратын боламыз", - деді Шахан ауылының әкімі Мұрат Жақыпов. 

Мейрамбек Жиембаевты жерлеу рәсімі ертең, 4 сәуірде болады. 

Еске салайық, Мейрамбек Жиембаев Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында  1 қаңтар күні опырылған үйде от жағушы болып қызмет еткен. Полиция оны оқиғаның куәгері ретінде осы уақытқа дейін іздестіріп келген. Алайда тірі күйінде оны табу мүмкін болмады. Оның денесі ауылдан 700 метр жерде қараусыз қалған саяжайдан табылған. Ер адам бұзылған үйдің шұңқырында жатқан.

"Оған ешкім зорлық көрсетпеген. Ер адам кейін үсіп қалған болуы мүмкін", - деді Шахан ІІБ басшысы Думан Кожахметов. - Оның әйелі күйеуін таныды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр".

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. 

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ал 4 қаңтарда Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети