Министр Астана әуежайында жолақтан шығып кеткен ұшаққа қатысты пікір білдірді

23 Мамыр 2018, 19:22
0
Министр Астана әуежайында жолақтан шығып кеткен ұшаққа қатысты пікір білдірді - © facebook.com/caakaz/
© facebook.com/caakaz/

ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадағы ұшаққа қатысты оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Расымен де түскі уақытта Шымкент - Астана рейсіндегі Air Astana әуе кемесіне қатысты авиациялық төтенше жағдай болды. Әуе кемесі жолақтан шығып кетіп, қозғалтқышы жолдың шетіне соғылған. Бұл ұшақтың қонғаннан кейінгі болған жағдай. Ұшақ сәтті қонған", - деді министр халық алдындағы есептік кездесуі кезінде. 

"Кеше метеожағдай қиындау болды, дауыл соқты. Министрліктен комиссия құрылды. Әзірге нәтижесі жайлы айта алмаймын - нақты шешім шығуы үшін уақт қажет. Барлық нұсқалар қарастырылады: техникалық қиындықтар, адамдық фактор және "Қазаэронавигация" жұмысы және әуежай қызметінің жұмысы тексеріледі", - деді министр. 

Қасымбектің айтуынша, нақты шешім комиссияның қорытындысы бойынша жарияланады. 

Еске салайық, Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, Астана әуежайында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Шымкент - Астана KS352 рейсінің Airbus-320 ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткені хабарланған. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. 

Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды. Қазір әуежай штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай