Немересін тірідей өртеп жіберген: СҚО тұрғыны адам өлтірді деген күдікке ілінді

08 Қараша 2017, 11:26
0
Немересін тірідей өртеп жіберген: СҚО тұрғыны адам өлтірді деген күдікке ілінді - видеодан үзінді  © ktk.kz
видеодан үзінді © ktk.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданынының 62 жастағы тұрғынына "Адам өлтіру" бабы бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткер әйелге жаңа туған немересін пешке жағып жіберді деген айып тағылды. 

"Жаңа туылған нәрестені өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің ("Адам өлтіру") бабына сәйкес жүріп жатыр. Күдікті 62 жастағы әйел Мамлю аудандық ІІБ уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр, қажетті сараптама тағайындалды", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі.  

Осыған дейін СҚО-да әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жібергені хабарланды. Жасы 60-тан асқан әйелдің мұндай қадамға неліктен барғанын дөп басып ешкім айта алмай отыр.

Белгілісі, ол аздап араққа құмар болған екен. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиға Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылында болған. Орталық көшеде орналасқан мына үйде Олеся Грудинская анасымен, 9 жасар ұлымен және жаңа туған қызымен тұрған екен.  

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасқан Олеся Грудинская ұлын ертіп әке-шешесінің үйіне көшіп келген екен. Бұрын да аздап араққа құмар анасы - Любаға отағасы қайтыс болғалы қой дейтін жан болмапты. Бірақ ішкен күннің өзінде кемпір ешкімнің мазасын алмайды екен. 

"Жаман деп айтуға болмайды. Әсіресе, Николай әйбат жігіт еді. Әжесі де айбат кісілер. Оңды кісілер. Жаман деп айтуға болмайды", - дейді Игібай Тасмағамбетов, Дубровное ауылының тұрғыны. 

Олеся Грудинская 19 қазанда қыз босанған екен. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түскен. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа барған.

"Ол пештің үстіндегі плитаны алып тастап, жанып жатқан отқа сәбиді қойған. Баланы шешіндіріп тастапты. Олеся үйге келгенде, қызын таппай қалған. Пештен күйген еттің иісін сезгенде, ыстық плитаны қолымен алып тастап, шақалақты алып шыққан. Мен оның күйік шалған қолдарын көрдім", - дейді Дубровное ауылының тұрғыны Мария Морозова.

Алпысты алқымдаған Любовь Русалиеваның мұндай әрекетке не итермелегенін қазір тергеушілер анықтап жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, отбасы ақшадан тарлық көрмеген, тұрмыстары түзу екен.

"Бұл отбасы бізде тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрған жоқ. Әжесі зейнетақы алатын. Аздап ішетіні болмаса, Любовь Русалиеваның ешкімге зияны жоқ еді. Көршілерімен тату болатын. Оқиағаның ақ-қарасын тергеушілер анықтар. Егер біздің тарапымыздан көмек керек болса, әрине, қол ұшын беруге дайынбыз", - деп хабарлады Дубровное ауылдық аймағының әкімі Галина Швецова.

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада жатыр. Алдағы күндері жерленетін оған анасы әлі туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған. (Дереккөз: КТК)


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай