1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Нұр-Сұлтанда Bentley аялдаманы қиратты

Нұр-Сұлтанда Bentley автомобилі Toyota автокөлігімен соқтығысқаннан кейін аялдаманы қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, Toyota Camry автокөлігі қосалқы жолға шығып, Қалдаяқов көшесімен кетіп бара жатқан Bentley автомобиліне жол бермей, соқтығысқан. 

"Соққы салдарынан Bentleyавтокөлігінің жүргізушісі аялдаманы қиратты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді полиция департаментінің өкілдері. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. 12:00-ден бастап көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолы жабылды. Қалада ауа температурасы төмендеп, қар жауып жатыр.