Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы соқтығысты, біреуі қозғалысты жалғастырып, тағы үш көлікті қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы соқтығысты, біреуі қозғалысты жалғастырып, тағы үш көлікті қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 1 мамырда 10:02-де болған. № 12 бағытында жүретін автобус жүргізушісі Гете және Біржан сал көшелерінің қиылысында аялдамадан шыға берісте тағы бір № 12 бағытында жүретін автобус жүргізушісімен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші автобустың газ педалі істен шыққан.
Ескерту, бейәдеп сөздер айтылады!
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан № 12 автобус қозғалысты ары қарай жалғастырып тұрақта тұрған Нyundai маркалы микроавтобусты, Hyundai Н1 автокөлігін және ГАЗ 322132 микроавтобусын соққан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai микроавтобусында болған жолаушы зардап шекті, олауруханаға жеткізілді.