13 қаңтар 2020 17:00

Нұр-Сұлтанда полицейлердің көлік соңынан қуған сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Нұр-Сұлтанда Honda маркалы автокөліктің мас жүргізушісі бағдаршамды соғып, полицейлерден қашпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Полицейлер 11 қаңтарда 22:35-те Бейсекова және Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, артынша бағдаршам бағанын соққан автокөлікті байқаған. 

"Полицейлер біршама уақыт автокөлік соңынан қуаған, алайда жүргізуші талаптарды орындаудан бас тартып, қашуға әрекеттенген. Жүргізуші қауіпті жағдай туғызбауы үшін патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы Мадияр Солтанов жүргізушінің бағдаршамға тоқтағанын пайдаланып, көлікке жүгіріп барып, терезесін шағып, бұзақыны ұстаған", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті редакцияның сауалхатына берген жауабында. 

Кіші сержант Мадияр Солтановтың айтуынша, көліккке жүгіріп барғанында жүргізушінің мас екенін аңғарған. "Ол есікті ашпай қойды, сосын мен терезені шағуды жөн көрдім. Меніңше, бұл сол кездегі ең дұрыс шешім болды, себебі ол ары қарай қашып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Жүргізуші қарсылық білдірді, алайда мен кілтті жұлып үлгердім", - дейді полицей.

Медициналық куәландыру барысында елордалық 35 жастағы ер адамның орта деңгейде мас болғаны анықталған. 

"Жүргізуші ұсталды, көлік коммуналдық тұраққа жеткізілді. Осы дерекке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейдің кәсіби және жедел шараларының арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Егер полиция қызметкері тәртіп бұзушыны уақытында тоқтатпаса, бұл жағдай қалай аяқталатыны белгісіз", - деді ПД өкілдері. 

Бұзақы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастапелімізде мас күйінде көлік құралдарын басқару жауапкершілігін қатаңдатылған түзетулер күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети