03 шілде 2014 14:41

Нұрлан Ақүрпеков: Артаевтың қызды ұруы мүмкін емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

confederation.kz фото confederation.kz фото

2004 жылғы Афиныда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаевт бойжеткенді соққыға жықты деп айыпталып жатыр. Мұндай айыпты тағып отырған Айсұлу Ыбрашева есімді қыз екен, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


2004 жылғы Афиныда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаевт бойжеткенді соққыға жықты деп айыпталып жатыр. Мұндай айыпты тағып отырған Айсұлу Ыбрашева есімді қыз екен, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Бұл даулы оқиға 29 маусым күні болған. Астана қаласының Ішкі істер департаментіне Айсұлу Ыбрашева есімді азаматша келіп, 28 маусымнан 29 маусымға ауысқан түні елордадаға кафелердің бірінде бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев оны соққы жықты деп арыз жазған.

Зартап шеккен азаматшаның айтуына қарағанда бұл оқиға Астана қаласындағы Fashion түнгі клубында болған. «Біз құрбым екеуміз клубқа көңіл көтеру үшін келдік. Мұндай жағдайдың боларын мүлде ойламадық та. Жаман ойға жетелейтіндей киінген жоқпыз. Мас та емеспіз. Ешкімге кедергі жасамай-ақ, шеткері жерде билеп жүргенбіз. Бір кезде қасымнан өтіп бара жатқан ер азамат мені құйрықтан тартып жіберді. Не болды деп жалт бұрылып қарағанымда, бір жігіт кешір деді. Құрбым "бұл бокстан олимпияда чемпионы Бақтияр Артаев қой, мен оны білемін, ол мұнда жиі болады" деді. Мен шағымданамын деп айтқаным сол еді жұдырық жағыма келіп тиді. Оның қасындағы жігіт мені ұстап қалды, ал сол кезде Артаев қашып кетті. Күзетшілер, айналадағылар үнсіз қарап тұрды. Ешкім араша түспеді. Тіпті не болды деп сұраған адам болмады. Оны сол кезде-ақ анықтады. Артаевтың өзі екі рет телефон соқты. Бірінші рет алдыңғы күні хабарласып, кездесуді сұрады. Мен тек куәгерлердің алдында ғана кездесетінімді айттым. Ал ол болса, жеке кездесейік деді. Ал мен одан қорқамын. Ол "қаламасаң өзің біл деп тұтқаны тастай салды" дейді Айсұлу Ибрашова

"Кейіннен мен кәсіби спорт клубына хабарластым, ондағылар Артаев өзі хабарласады деді. Сол күні түнде Артаев телефон соғып, кешірім сұрады. Мен не үшін құйрығымнан тартып жібергенін сұрадым. Ол болса, "сіз маған аяғыңызды көтердіңіз" дейді. Ондай болған емес. Сосын жағдайын айта бастады. Куәгерлердің алдында кездесейік деді. Бәрі "егер ол ішіп алған болмаса ондай нәрсеге бармас еді" дейді. Сот-медициналық сараптама жасалды. Менің бетім көгеріп қалды. Астыңғы жағым орнынан қозғалған. Тамақ іше алмаймын. Жұмысқа да барудан қалдым" дейді жәбірленуші.

Енді бұл іс бойынша Астана қаласының ІІД тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Суд-медицианылқ экспертиза тағайындалған.

«Алаш айнасының» тілшісі осы оқиғаны анық қанығын анықтау үшін Бақтияр Артаевтың өзіне хабарласқан еді. Бірақ, Олимпиада ойындарының чемпионының телефоны сөндірулі болды. Сол үшін де біз Артаевтың спортшы кезіндегі бас бапкері болған Нұрлан Ақүрпековқа хабарласып, мән-жәйды сұрастырып көрдік. Нұрлан аға бұл жәйттан хабары бар екенін және Бақтиярға өтірік жала жабылып жатқанын айтып берді. «Мен бұл жағдайды естіген бойда Бақтиярдың өзіне хабарластым. Негізі мен Бақтиярды соңғы рет 27 маусым күні Тараздан көрдім. Сол кезде онымен сөйлескенімде ол «29 маусым күні «Қазақстан Барысы» турнирін көріп, ары қарай Лондонға жүремін бұйырса, аға батаңызды беріңіз» деген еді. Кейін кенеттен мына жайғдай орын алды. Қазір оны әркім әртүрлі етіп жазып жатыр. Мен сіздерге өзімнің емес, Бақтиярдың сөзін жеткізейін – ол өзіне жалған жала жабылып жатқанын айтты. Мүмкін бұл провакацияда шығар. Рас, Бақтияр сол түнгі клубта болған. Бірақ, бойжеткенге тимеген. Егер, сол жерде Бақтияр қызды ұрып жатқанын көрсе, тым болмаса қарауылда тұрған жігіттер араша түсер еді ғой. Бұл жерде керісінше болған. Анау қыз Бақтиярға жабысып қоймаған. Сол сәтте ол қызды сабырға шақыру үшін қарауылдар қыздың қолын қайырып, алып қалған да Бақтияр өз жолымен кете берген. Сондықтан да бұл жерде таза өтірік жала деуге толық негіз бар», - дейді Нұрлан Ақүрпеков.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети