"Нұрлы Таудағы" ТЖ: оқиға орнында не болып жатыр?

05 Желтоқсан 2019, 13:15
0
"Нұрлы Таудағы" ТЖ: оқиға орнында не болып жатыр? - Куәгерлер суреті
Куәгерлер суреті

5 желтоқсанда Алматыдағы "Нұрлы-Тау" бизнес орталығының 12-қабатынан ер адам құлап кетіп, мерт болды. Қазіргі уақытта мәйітті алып кетті. Оқиға орнында полицейер жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. 

Қайғылы оқиға 5 желтоқсанда 3Б корпусының маңында болған. Сол аумақ қоршауға алынды, ешкімді жібермей жатыр. 


Фото ©Али Аманов

Бизнес-орталықтың техникалық қызметшілері қайғылы оқиғаның орнын тазалаған. БО өкілдері пікір білдіруден бас тартты. 


© Али Аманов


Куәгерлер суреті

Осыған дейін Алматыда ер адам "Нұрлы Тау" бизнес орталығының шатырынан құлап кеткені хабарланған. Алматы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері ер адамның жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтқан еді.  

Қазіргі уақытта оқиға орнында Бостандық аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Қаза тапқан адамның кім екені белгілі болды. Ол 1971 жылғы. Болжаммен, ол бизнес-орталықтың 12-қабатындағы кіреберістің терезесінен секіріп кеткен", - делінген ПД хабарламасында. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай