Облыс әкімі Таразда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіттің оқиғасы жайлы пікір білдірді

22 Желтоқсан 2015, 11:30
0
Облыс әкімі Таразда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы жігіттің оқиғасы жайлы пікір білдірді - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. © ortcom.kz
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. © ortcom.kz

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Таразда өзін-өзі өртеп жіберген 20 жастағы Ерлан Бектібаевтың оқиғасына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз, әрине, өкініш білдіреміз, бұл облыстағы өте жағымсыз оқиға, қала үшін де, біз үшін де. Әрине, көңіл айттық. Өте ауыр жағдай екенін түсінеміз. Шараларды қабылдап жатырмыз. Біз бұл мәселемен оқиғадан кейін дереу айналыса бастадық. Барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде жұмыс істеп жатырмыз. "Нұр Отанда" сенім телефоны бар, қала әкімінің сенім телефоны бар, облыс әкімінің блогы бар. Қазіргі уақытта бұл мәселемен барлық аудан әкімдері және олардың орынбасарлары айналысып жатыр. Ал жазалау бойынша құқыққорғау органдары жұмыс істеу үстінде. Таяу уақытта біз қорытындыны алып, жария етеміз", - деді Көкірекбаев.  

Еске салайық, 20 жастағы Ерлан Бектібаев 24 қазанда Тараздың орталық алаңында "Нұр Отан" партиясының филиалының ғимаратына жүгіріп, сағат шамамен 10.30-да өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Алған жарақатынан ол қалалық ауруханада көз жұмды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады. Бұдан кейін "Нұр Отан" партиясының өкілдері Тараздағы өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай