14 тамыз 2017 12:29

Облыс прокуроры орынбасарының көлігінен қозғалтқыш ұрланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Drive2 © Drive2

Батыс Қазақстан облысы прокуроның орынбасары Александр Цуранковтың 2014 жылғы Toyota Camry маркалы қызметтік көлігінен қозғалтқышын алып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Орал апталығы" газетіне сілтеме жасап.

БАҚ мәліметі бойынша, бұл іс бойынша Александр Цуранкотың жеке жүргізушісі күдікті болып отыр.

"Бұл қылмысқа бұрынғы жүргізуші Қазбек Тауашевтің қатысы бары анықталды. Қазіргі кезде ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді БҚО бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Экономикалық тергеу қызметі айналысып жатыр", - дейді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-тарауының 3-тармақшасы бойынша тергеліп жатыр. Баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, 2014 жылғы "Toyota Camrу" қызметтік көлігі сол жылы 6 272 000 теңгеге сатып алынған. Көліктің бүгінгі күнгі бағасы 3 528 000 теңге. Ал қозғалтқышты ұрлаудан келген шығын 550 мың теңгені құрады және қазіргі кезде шығын толығымен өтелді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети