27 маусым 2014 22:05

Одесса жағажайларын биіктігі үш метр толқын ұрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube кадрынан бір үзік / Uvarova3d YouTube кадрынан бір үзік / Uvarova3d

Одессада бірнеше жағажайды биіктігі үш метр толқын келіп ұрды, - деп хабарлайды Vgorode.ua.


Одессада бірнеше жағажайды биіктігі үш метр толқын келіп ұрды, - деп хабарлайды Vgorode.ua.

Оқиға куәгерлері алдымен су жақтан гүр еткен дыбысты есітегенін, одан кейін демалушылардың үстіне үлкен толқын лап қойғанын айтады. Салдарынан 15 адамды толқын алып кеткен, олар аман-есен қайтадан жағажайға оралған. Кері қайтқан толқын демалушылардың да заттарын бірге ала кеткен.

Интернеттегі одессалық форумды қолданушылар зардап шегушілер барын айтады. "Су жағажайдан кері кетті де 2,5 метр биіктікке көтерілді. Сөйтіп қайта оралған ол бүтін жағажайды басып қалды. Зардап шегушілер бар, негізінен балалар. Естуімізше аяқтары, қолдары сынған, жағажай бейберекет шашылған заттарға толы, көп заттар сумен ағып кетті, теңіздегі демалушыларды биіктен қадағалайтын бағана да сынап қалған, Одесса өлшемі бойынша жағажай шығыны өте көп" - дейді V-Uvaroff деген әлеуметтік желі тұтынушысының сөзін келтірген украиндық БАҚ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети