22 желтоқсан 2015 16:15

ОҚО-да әпкелі-сіңлілі келіншектер нәресте сатқаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Шымкентте әпкелі-сіңлілі әйелдер жаңа туған нәрестені сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық сотының кеңсесінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкентте әпкелі-сіңлілі әйелдер жаңа туған нәрестені сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық сотының кеңсесінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Әпкелі-сіңлілі әйелдер жалпы режимдегі колонияда бес жыл мерзімді өтейтін болды. Оларға үкім "Кәмелетке толмаған балаларды топ болып сату" бабы бойынша шығарылды. Қылмыстық істің материалдары бойынша, наурыз айының басында 29 жастағы келіншек алтыншы баласын босаныпты. Ал екі апта өткенде жаңа туған сәбиге жаңа ата-ана табылыпты. Оларды сотталушының әпкесі іздеп тапқан. Нәрестені Маңғыстау облысында тұратын жас жұп сатып алған. Баланы анасы 200 мың теңге, алтын сақина және сырғаға бағалаған. Сотта баласын сатқан әйел бұл қылмысқа материалдық жағдайының нашар болғандығынан барғанын, сондықтан сатуды ұйғарғанын айтты.  

Әпкелі-сіңлілі әйелдер ОҚО-ның Ордабасы ауданының тумасы. Екеуі де балаларын өздері бағып отыр, ал әпкесінің тағы үш баласы бар болып шықты. Жаңа туған сәбиді сату дерегі Шымкенттегі мектептердің біріне прокурорлық тексеріс жүргізіліп жатқанда кездейсоқ анықталыпты. Сөйтсе, мектепке екі тоқсан бойы келмеген үш бала анықталған. Содан олардың бір отбасынан екендігі белгілі болады. Прокурорлар балаларды іздеуге кіріскенде оларды Шымкенттің басқа бір ауданынан табады. Балалар болса бұл уақытта жаңа туған сәбиді бағып отырғандықтан мектепке бара алмағандарын айтып берген. Алайда прокурорлар сәбидің жоқ екенін анықтайды, осыдан кейін әйел емшектегі баласын сатып жібергенін мойындайды. 

Айта кетейік, алдын ала айыптаулар бойынша, екі әйел де 7-10 жыл арасында бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Бірақ судьяның айтуынша, олар прокурормен процессуалдық келісімге келген. Осы келісімде ең ауыр жазаның жартысынан аспайтын мерзім қарастырылған. Нәтижесінде олар мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қалған балаларының тағдырын Ордабасы аудандық қамқоршылық және қорғаншылық органдары шешеді. Олардың балалар үйіне баруы мүмкін екені айтылады, бірақ туыстарына да асырауға берілуі мүмкіндігі қарастырылып отыр, себебі сотталғандардың ата-анасы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети