10 қараша 2017 13:18

ОҚО-да жанармай құю бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО полицейлері Сарыағаш ауданында жанармай құю бекетін тонап кеткен қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО полицейлері Сарыағаш ауданында жанармай құю бекетін тонап кеткен қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға биыл сәуір айында болған. Қарақшылар кассадан 200 мың теңге алып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.

"Түнгі уақытта бетперде киген белгісіз біреулер бекеттің кеңсесіне басып кіріп, кассадан ақшаны алып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша Сарыағаш аудандық ІІБ сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деп хабарлады полициядағылар.

Полицейлер тек қазан айында жедел-іздестіру шаралары барысында үш күдіктіні ұстады - Сарыағаш ауданының 1993 және 1996 жылғы тұрғындары. Олардан қарудың патрондары тәркіленді.

Қазіргі уақытта төртінші күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 191 және 287-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ОҚО Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасындағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети