03 қараша 2017 16:43

ОҚО-да мас күйде шу шығарған аудандық ІІБ басшысының орынбасары қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО Ішкі істер департаментінің өкілдері Созақ аудандық ІІБ басшысының бірінші орынбасары, майор Олжас Амандықов түсіп қалған даулы видеоға қатысты жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ОҚО Ішкі істер департаментінің өкілдері Созақ аудандық ІІБ басшысының бірінші орынбасары, майор Олжас Амандықов түсіп қалған даулы видеоға қатысты жаңа деректерді айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасындағылардың мәліметінше, қазіргі уақытта Олжас Амандықов қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, ОҚО-да осы даулы видеодан кейін Созақ аудандық ІІБ басшылығы жұмыстан кеткен болатын. "ОҚО ІІД тәртіптік комиссиясының шешімімен Олжас Амандықов ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Созақ аудандық ІІБ басшысы мен оның екі орынбасары жұмыстарынан босатылды", - деп хабарлаған еді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасындағылар.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде осы оқиғаның видеосы пайда болған еді. Видео авторларының айтуынша, жоғары қызметтегі шенеунік мас күйде бөтен біреудің үйіне басып кіріп, үй иесін ұрып-соқпақшы болған. Тіпті ер адамның әпкесіне пышақ салған. Бұл оқиғаның ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылында болғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети