08 желтоқсан 2016 10:30

ОҚО-да мектеп оқушысы тұздалған үй тағамынан уланып, бір ай бойы комада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vluki.ru © vluki.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында 11 сынып оқушысы тұздалған үй тағамынан уланып, осымен бір ай бойы комада жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Оңтүстік Қазақстан облысында 11 сынып оқушысы тұздалған үй тағамынан уланып, осымен бір ай бойы комада жатыр, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, ботулизм ауруын жұқтырып алу қаупі өсіп жатыр. ОҚО-да соңғы айдың өзінде ауруханаға осындай аурумен 12 науқас түскен. Олардың төртеуі осы күнге дейін ауруханада жатыр.

Сондай-ақ, басылым мәліметінше, науқастардың барлығы тұздалған үй тағамдарын жеген.

Ботулизм - жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Бұл дертке кенетттен шалдығу мүмкін. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 - 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети