12 желтоқсан 2017 09:22

ОҚО-да шешесі алты жасар баласын не себепті өлімші етіп сабағаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да әйелдің бірінші сыныпта оқитын баласын неліктен ұрып-соққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ОҚО-да әйелдің бірінші сыныпта оқитын баласын неліктен ұрып-соққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарабұлақ ауылының аудандық ауруханасына Сайрам ауданының 6 жасар тұрғыны келіп түсті. Жедел-тергеу тобы 9 желтоқсанда шамамен сағат 23.00-де 1981 жылғы әйелдің бала үй жұмысын істеп жатқанда оған ашуланып, баласын ұрып-соққанын анықтады. Алған жарақаттардан бала аудандық ауруханаға түскен", - деді Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаев.

Осыған дейін де баланың ауруханаға ауыр халде түскені хабарланған болатын.

Полицейлер әйел адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети