22 ақпан 2016 16:46

ОҚО полициясы баланы ұрлады делінген тағы бір әйелді іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баланы ұрлады делінген күдікті. © ОҚО ІІД Баланы ұрлады делінген күдікті. © ОҚО ІІД

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің полицейлері баланы ұрлады делінген тағы бір әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің полицейлері баланы ұрлады делінген тағы бір әйелді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер мектептен қайтып келе жатқан баланы жасы 50-55-тер шамасындағы, бойы 160 сантиметр жобасында, толықша келген, реңі ашық, қара қоңыр қайыс күрте киген, бас киімі тоқылған қоңыр түсті азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. Полицейлер куәгерлердің айтуынан фоторобот жасады.

Сонымен қатар, кәмелет жасына толмаған баланы ұрлады деген күдікпен Ордабасы ауданының 1965 жылғы тұрғынын (азиялық түр кескінді, тұрғылықты мекен-жайы жоқ) іздестіріп жатыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жоғалған баланы табуға қажетті барлық шараны жүргізіп жатыр.

Бұл дерек ордабасы аудандық ІІБ Сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркеліп, ҚР ҚК "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полициядағылардың айтуынша, баланың ата-анасы мен бала да оны ұрлап кеткен делінген әйелмен таныс болып шықты.

Еске сала кетейік, бала 20 ақпан күні күндіз жоғалып кетті. Баланың туыстарының айтуынша, Мұхаммед сағат 12.30 шамасында сабақтан шыққан, бірақ үйіне келмеген. Мұхаммедтің белгілері мен киімі: жасы шамамен 6-7-де, ашық реңді, арық, ашық қоңыр күрте киген, қара шалбар және қара етік. Баланың көк түсті сөмкесі болған, сөмкеде "өрмекші адамның" суреті бар. Баланы азиялық түр кескіндегі әйел адамның алып кеткені анықталды. "Оның жасы шамамен 50-55-те, бойы 160 сантиметр, ақшыл шашты, толықтау, қара қайыс күрте киген, тоқылған қоңыр бас киімі бар", - деп сипаттады басқармадағылар.  

Күдіктінің фотороботы да жасалды. Кейін баланы іздеуге ондаған еріктінің қосылғанын хабарлаған едік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети