07 желтоқсан 2016 14:05

ОҚО тұрғындары жедел жәрдемге хабарласа алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет еркін мәлімет көзінен Сурет еркін мәлімет көзінен

ОҚО тұрғындары телефон желісінің бос болмауынан жедел жәрдемге қоңырау шала алмай отыр. Наразы болған тұрғындар Tengrinews.kz редакциясына хабарласып, видеодәлелдер ұсынып жатыр. Видеода тұрғындар 103 нөмірін тереді, осы кезде қоңырау барып тұрғанымен, арғы жақтағылардың телефонды көтермей жатқаны байқалып тұр.

"Бірнеше күн осылай болып тұр", - дейді тұрғындар. Жедел жәрдемнің облыстық станциясында қазіргі кезде телефон желілерінің бос болмай тұрғанын, сол себепті көпшіліктің дәл осы 103 нөмірі арқылы қоңырау шала алмай жатқанын айтады.

Осыған байланысты мамандар тұрғындардан жедел қызметпен келесі нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: 8 7252 53-91-14, 39-08-23, 43-33-01.

"Телефон желілерінің бос болмауы жөндеу жұмыстарына байланысты болуы мүмкін. Халықты дүрбелеңге түспеуге шақырамыз, егер үйдегі телефон апаратынан қоңырау шалынбаса, ұялы телефон арқылы 112 бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласыңыздар. Телефон желісін мамандар жақын арада қалпына келтіреді", - деп түсіндірді Шымкент бойынша жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Рәзия Абытова. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети