Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Оңтүстік Қазақстанда 20 жастағы студент өзін-өзі өртеп жіберді

09 Желтоқсан 2015, 10:45
3
© ОҚО ІІД
© ОҚО ІІД

Түркістанда 20 жастағы студент өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 желтоқсан күні сағат 23.00-де Түркістан ІІБ кезекші бөліміне 20 жастағы жігіттің күйікпен аудандық ауруханаға түскені туралы хабар берілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер оқу орындарының бірінің студенті өзін-өзі өртеп, соның салдарынан денесінің 90 пайызын күйіктің шалғанын анықтады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Алдын ала тергеу кезінде тәртіп сақшылары зардап шеккен жігіттің 45 жастағы әкесінің айтуынан оның кешкілік үйде болғанын және иттің үргенін естіп, аулаға шықаннын анықтады. Ер адам аулаға шыққанда ұлының өртеніп жатқанын көріп, бірден көмекке жүгірген. Өртті сөндіргеннен кейін ол ұлын ауруханаға жеткізіпті.

Зардап шеккен жігіттің әкесінің айтуынша, соңғы кездері отбасында ешқандай келеңсіз оқиға да, жанжал да болмаған және жақындарымен немесе айналасындағылармен арада келіспеушілік болып, оны өзін-өзі өртеуге итермелейтіндей жағдайды байқамаған. 

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай