Оңтүстік Қазақстанда автокөліктердің 80 пайызы техникалық байқаудан заңсыз өткен, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Оңтүстік Қазақстанда автокөліктердің 80 пайызы техникалық байқаудан заңсыз өткен, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
ОҚО бойынша көліктік бақылау мемлекеттік инспекциясының қызметкерлері автокөліктердің техникалық байқаудан өту туралы құжатты қолдан жасау жағдайлары көбейгенін айтты. Сонымен қатар, 29 мың автокөліктің 21 мыңы, яғни 74 пайызы қолдан жасалған құжатпен жүргенін жазады. Мұндай цифрды инспекторлар суреттерді сараптамадан өткізгеннен кейін анықтап отыр. Жүргізушілер жалған құжатты үйінен шықпай-ақ, үйіне тапсырыс арқылы алдыра алады екен.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Ержан Қалымбетов көліктердің техникалық байқаудан өткендегі суреттердің техникалық бақылау орталығында емес, үй аулаларында, тұрақтарда түсірілгенін айтады. "Бұл көліктің техникалық байқау орталығына тіпті кірмегенін және тексеруден өтпегенін білдіреді. Заңбұзушылықтың дәл өзі", - дейді ол.
Сонымен қатар, басылым көліктік бақылау мемлекеттік инспекциясының қызметкерлерінің алдағы уақытта рейд шараларын өткізетінін жазады. Тәртіп сақшылары жалған құжатпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салып, автокөліктерін айып тұрағына қояды. Мұнымен бірге, Техникалық байқау орталықтарының басшылары да қолдан жасалған талон бергені үшін жазаланады.