25 маусым 2014 19:49

Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан алты адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gai.ru ©Gai.ru

Оңтүстік Қазақстанда ірі жол апаты болып, алдын ала мәлімет бойынша оның салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Қазақстанда ірі жол апаты болып, алдын ала мәлімет бойынша оның салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты Леңгір қаласына апаратын тас жолдың бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, Lada Priora және Mercedes Benz автокөліктері соқтығысқан. Ресейлік автокөлік қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, апатқа себеп болғанға ұқсайды. Куәгерлер Lada Priora-ның артқы бөлігінің ғана сау қалғанын айтады. Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 3 маусымға қараған түні де ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Ол кезде бес адам жан тәсілім етті. Апат Леңгір - Екпінді тас жолында болды. Volkswagen Vento және Audi-80 көліктерінің соқтығысуы салдарынан соңғы машинада болғандардың бәрі жан тапсырды. Олар - бір отбасының үш адамы. Сондай-ақ, Volkswagen-нің бір жолаушысы қайтыс болды, кейін ауруханада көліктің жүргізушісі де жүріп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға Volkswagen жүргізушісі кінәлі, ол қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети