04 қараша 2014 18:33

Оңтүстік Қазақстанда оқушы абайсызда атылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yarnovosti.com ©yarnovosti.com

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қару-жарақты абайлап ұстамаған 8-сынып оқушысы атылып қалды, - деп хабарлайды "Отырар"


Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қару-жарақты абайлап ұстамаған 8-сынып оқушысы атылып қалды, - деп хабарлайды "Отырар"

Қайғылы оқиға Бірлік ауылында болды. Оқушы сол күні танысының үйіне барған, оның ата-анасы үйінде болмапты. Жасөспірімдер сандықтан аңшының шолақ мылтығын тауып алып, ұстап көре бастайды. Олардың бірі шүріппені кездейсоқ басып жіберіп, атылып қалады.

Порталдың мәліметінше, басына тиген оқтан бала сол жерде қайтыс болды. Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданының полициясы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Сарыағаш аудандық прокурорының орынбасары Қайрат Мұратов оқушының өліміне себеп болған қарудың еш жерде тіркелмегенін айтты. "Қарудың иесіне қатысты "Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанда қаруды абайламай ұстау оқиғалары жиі болады. Батыс Қазақстан облысында ер адам әкесін байқамай атып алған еді. Полицияның мәліметінше, 44 жастағы азамат сыңарауыз мылтықпен қарт әкесінің сол аяғына оқ атып алған. 78 жастағы қария сол жерде қайтыс болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети