Оңтүстікте жаппай төбелеске қатысқандар 17 көлікті зақымдады

28 Тамыз 2014, 16:50
0
Оңтүстікте жаппай төбелеске қатысқандар 17 көлікті зақымдады - ©vesti.kz
©vesti.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Қарамұрт ауылында көрші елді мекеннен келген жігіттер төбелес шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров мәлімдеді.

"Біздің мәліметіміз бойынша бұдан екі күн бұрын Қарамұртта төтенше оқиға болды. Төле би ауданының Мадани ауылынан келген екі жігіт дүкенде сатушымен ұрысып, төбелес шығарған. Екі күннен соң ауылда жаппай төбелес болды", - деп хабарлады ол 28 тамыз күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Әкімнің айтуынша, көрші ауылдан 30-50 жігіт келіп, 7-10 минут ішінде 17 машина мен сегіз сауда орнының сөрелеріне зақым келтірген. "Мен Мадани ауылына барып, ақсақалдармен кездестім, жағдайды түсіндірдім. Бүгін олар жағдайды өз жағында талқылайды, ертең Қарамұртқа делегация келіп, оқиғаны реттеу үшін сағат 10.00-ға қарай әкімдікте жергілікті халықпен кездеседі", - деді Қайназаров.

Әкім Мадани тұрғындарының барлық бағытқа шығу үшін Қарамұрт арқылы өтетінін айтты. "Бізден тауар сатып алып жатады, той өткізеді, қарым-қатынасымыз жақсы. Бүгін мен ақсақалдармен әңгімелескен кезде олар жағасын ұстап жатыр", - деді аудан басшысы. Қайназаровтың айтуынша, қазіргі уақытта жанжалға қатысы бар бес адам ұсталып отыр. Қарамұрттағы оқиға өткен сенбіде болған. Дәрігерлердің көмегіне төрт адам жүгінді. Елді мекенде коменданттық сағат енгізілді.

 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай