23 қараша 2017 12:28

Оралда 4 жастағы баланы анасының көзінше ұрлаған ер адамның туыстары мән-жайды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: pixabay.com Иллюстрациялық сурет: pixabay.com

Оралда тал түсте 4 жастағы баланы ұрламақ болған ер адам маскүнемдік психозбен ауырған. Бұл туралы оның туыстары "Орал апталығы" газетінің тілшісіне айтып берді. Ер адамның інісінің сөзінше, ол баланы ұрлағысы келмеген. 


Оралда тал түсте 4 жастағы баланы ұрламақ болған ер адам маскүнемдік психозбен ауырған. Бұл туралы оның туыстары "Орал апталығы" газетінің тілшісіне айтып берді. Ер адамның інісінің сөзінше, ол баланы ұрлағысы келмеген. 

Оқиға кеше Көкшетау және Партизан көшелерінің қиылысындағы № 4 мектептің маңында болған. 25 жастағы Владимир Колесников 4 жастағы баланы көтеріп алып қашқан, баланың анасы мен куәгерлер айғай көтергенде ол баланы тастап, өзі қашып кеткен. 

Ринат Колесниковтың айтуынша, қазір олар баланың анасын тауып алып, Владимир мұны ішімдік салдарынан елес көру сырқатынан істегенін түсіндірмек. 

"Ол үш күн бойы ішкен. Неше түрлі елестейтін болған. Дима екеуміз (Владимирдің туған ағасы) қасында болдық, ештеңе бүлдіріп қоймасын деп. Бірақ Диманың көзі ілініп кетіп, Володя пәтерден қашып шыққан", - дейді інісі. 

Ол артынан іздеп шыққанымен таппаған, ал қайтып келгенінде көршілер Влдимирдің баланы ұрламақ болғанын айтып берген. 

"Сонда жүгірдім. Онда баланың анасы отырды. Менімен сөйлескісі келмеді. Түсінемін, шошынып қалған. Өзім де аң-таңмын. Ол мұндай істемейтін. Маған келгенінде балаларыммен ойнайды, сыйлық алып келеді", - дейді Ринат. 

Мұның алдында облыстық ІІД өкілдері ер адамның ұрлық пен тонау үшін бірнеше рет істі болғанын мәлімдеген

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети