16 сәуір 2015 14:26

Оралда 9-қабаттан құлаған қыз тірі қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Obozrevatel.com @Obozrevatel.com

Оралда 9-қабаттан құлаған қыз тірі қалды, - деп хабарлайды "Мой город". Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған қыз жедел жәрдем қызметкерлері келген кезде тірі болған. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті, одан кейінгі жағдай белгісіз.

Төтенше жағдай 16 сәуірде 9.30-де "Гаухар" жатақханасында болды. Куәгерлер қыздың тоғызыншы қабаттан құлап, бірінші қабатта орналасқан жергілікті коммуналдық мекеменің күнқағарына құлағанын айтты. Мекеме қызметкерлері жедел жәрдем қызметін шақырды. Бір қабат жоғары тұратын көршілерінің айтуынша, қыз сол жатақханада бөлме жалдап тұрған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың ақпанында Ақтөбе облысында терезеден құлаған сот қызметкері қайтыс болғаны хабарланған болатын. Полицейлердің айтуынша, әйел көпқабатты үйлердің бірінің төртінші қабатынан құлаған. Мұғалжар аудандық сотының 44 жастағы хатшысы оқиға орнында жан тапсырды. Полиция бұл суицид деп отыр, бірақ өлімнің себебі сот-медицина сараптамасының нәтижесінде белгілі болады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети