17 шілде 2019 12:18

Оралда "Porsche Cayenne" тізгіндеген театр директоры екі көлікпен соқтығысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой Город" © "Мой Город"

Оралда Қазақ драма театрының директоры жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Мой Город" сайты. 


Оралда Қазақ драма театрының директоры жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Мой Город" сайты. 

Автокөліктердің соқтығысы 16 шілдеде 20:30-да Жәңгір Хан көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, "Porsche Cayenne" маркалы көлік "Renault" мен "Toyota" машиналарына соққан. 

"Porsche Cayenne" рөлінде Қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов болғаны анықталды. Бірақ ол "Мой Город" журналисіне рөлде отырмағанын айтқан екен. Ал қалған екі көліктің жүргізушілері қымбат көліктің рөлінде директордың өзі болғанын мәлімдеген. 

"Бұл кездейсоқ болған жағдай. Рөлде мен болдым, жаңбыр жауып тұрды, тоқтап үлгермедім, жол тайғақ еді, көру де қиын болды. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Бір көлікті сәл ғана тиіп өттім", - деді Қуаныш Амандықов. Ол қазір еңбек демалысында жүргенін айтады. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, жол апаты салдарынан екі адам зардап шеккен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети