02 ақпан 2018 09:12

Оралда адамшошырлық жол апаты болды: Екі адам қаза тауып, тағы жетеуі зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Мой ГОРОД" © "Мой ГОРОД"

Оралда жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты және тағы жетеуі зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Оралда жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты және тағы жетеуі зардап шекті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Жол апаты шамамен 16.00-де Желаев тасжолында болған. Қалалық ЖПҚ басшысы Мүслім Жәрдемовтің айтуынша, автобус Трекино ауылынан қалаға қарай келе жатқан, ал жүк көлігі қарсы бағытта бара жатыпты. 

Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр. БҚО Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали бір әйелдің оқиға орнында жедел жәрдем келгенше қаза тапқанын хабарлады. 

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына келген сәтте бір ер адам қайтыс болды. Арасында кәмелетке толмаған екеуі бар жеті адам зардап шекті, олар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті ем көрсетіліп жатыр", - деді ол.

© mgorod.kz

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети