24 шілде 2014 17:44

Оралда арнайы жасақ жауынгері оқыстан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Оралда жаттығу кезінде арнайы жасақ жауынгері қайтыс болды, - деп хабарлайды "Мой город". Төтенше оқиға 23 шілде күні Петр Атоян атындағы стадионда болды.


Оралда жаттығу кезінде арнайы жасақ жауынгері қайтыс болды, - деп хабарлайды "Мой город". Төтенше оқиға 23 шілде күні Петр Атоян атындағы стадионда болды.

Жаттығу кезінде "Арлан" басып алу тобының 29 жастағы жауынгері өзін жайсыз сезінген. Жігіт ауруханаға жетіп үлгермей қайтыс болды. Бұл деректі Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті растады, бірақ ол жөнінде толық түсініктеме берген жоқ. 

"Арлан" арнайы жасағының жауынгері Ішкі істер министрлігі құрылымдарында әскери борышын өтеген. Айта кетейік, бұрын мұндай оқиға Петропавлда болған, ол кезде жаттығу үстінде учаскелік инспектордың жүрегі тоқтап қалған еді. Әскери бөлімнің полигонында болған оқу-жаттығу жиынында таңғы жүгіру кезінде Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Ескендір Манаповтың халі күрт нашарлаған.

Дәрігерлер оған алғашқы жәрдем көрсетіп, ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. 33 жастағы ер адам бір тәуліктен соң көз жұмды. Оның өліміне инфаркттің себеп болғаны анықталды. Манапов ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет еткен.   

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети