30 наурыз 2017 19:37

Оралда депутаттың көлігіне соғысқан ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BNews.kz © BNews.kz

22 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел жол апатынан қаза тапты. Бұл жол-көлік оқиғасында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Хайдар Кощанов та болған, - деп хабарлайды "Уральская неделя".


22 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел жол апатынан қаза тапты. Бұл жол-көлік оқиғасында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Хайдар Кощанов та болған, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

БАҚ мәліметінше, жол апаты жергілікті үстіртте - Свистун тауында 29 наурызда таңғы 09.00 шамасында болған. ІІД-нің ресми мәліметі бойынша, Хайдар Кощанов Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігімен ВАЗ-21703 көлігіне жол бермеген. Көліктер соғысып, соққы күшінен ВАЗ жол бойында тұрған Audi-80 көлігіне соғысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ жүргізушісі 22 жастағы Вячеслав Лопухин мен  жолаушы 63 жастағы Надежда Кондрашкина қаза тапқан. Audi-80 көлігінің жүргізушісі басынан жарақат алған. 

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты арнайы сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Депутат Хайдар Кошанов зардап шекпеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети