26 қараша 2014 14:38

Оралда екі дос өз-өздерін өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Оралда екі жігіт өз-өздеріне қол жұмсады. Олар жеке үйдің ауласынан асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды "Мой город".


Оралда екі жігіт өз-өздеріне қол жұмсады. Олар жеке үйдің ауласынан асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды "Мой город".

Марқұмдардың денесі 25 қарашада табылды. Оқиғаның дәл қай кезде болғаны әзірге белгісіз. Мәйіттер табылған үй қаза болған 19 жастағы Диманың ата-анасына тиесілі. Журналистердің мәлімдеуінше оның анасы екі жыл бұрын қайтыс болған, әкесі бөлек тұрыпты. Димамен бірге бұл үйде оның 21 жастағы досы, балалар үйінің тәрбиеленушісі Алексей де тұрған.

Көршілердің айтуынша, олардың денесін Диманың әкесі тапқан. "Әкесі оның ұялы телефонына хабарласқанда, ол жауап бермеген, содан кейін ол мұнда келген", - дейді қаза болған жігіттердің көршісі. "Баласы үйдің адам тұрмайтын бөлігінде, ал досы даладағы дәретхана жанындағы ағашқа асылып қалыпты. Олардың қасынан "Кетіңдерші сендер..." деп жазылған хат табылды. Хатты нақты кімнің жазғаны белгісіз, әріптер тасқа басылған таңбалармен жазылған. Үйде бәрі тыныш, таза, үстел үстінде екі бокал шәй тұрды. Не болғанын ешкім білмейді".

Көршілер олардың сабырлы, "ішпейтін, тыныш өміріп сүрген" азаматтар екенін айтты. Көрші әйелдің сөзіне қарағанда олар басқа қалаға жұмыс іздеп бармақ болған, тіпті заттарын да жинап қойыпты.

Полиция мәйіттердің табылғанын растап отыр, қазір олар сараптамаға жіберілді, табылған хат та зерттеліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети