05 қараша 2015 11:42

Оралда гараждардың артынан жаңа туылған нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Иллюстрация

Оралдағы аулалардың бірінде гараждардың артынан жаңа туылған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Оралдағы аулалардың бірінде гараждардың артынан жаңа туылған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бала 4 қараша күні кешкі сағат 18.30 шамасында Молдағұлов көшесіндегі №14/1 үйдің ауласынан табылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, ұл баланың өкпесі қабынған: нәресте қатты тоңып қалыпты, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ол қазір облыстық балалар ауруханасында, оны мамандар жылытып, балаларға арналған қоспалармен тамақтандырып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, нәресте қоспалармен тамақтануға бейімделді.

Орал ІІБ мәліметінше, нәрестенің анасы табылды. "Біздің қызметкерлер әйелді тапты, ол баланың анасы. Жасы 21-де, қаланың тұрғыны. Ұл бала 31 қазанда туылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жағдай толық анықталғаннан кейін қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады", - деп хабарлады Орал ІІБ басшысы Манарбек Ғабдуллин.

ІІБ мамандарының айтуынша, баласын көшеге тастап кеткен әйел "Қауіпті күйде тастап кету" бабымен жазалануы мүмкін. Ол бапта 50 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жылға бас бостандығына шектеу қою жазасы қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети