05 қазан 2014 12:09

Оралда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Мой город. ©Мой город.

Оралдағы жол-көлік апаты салдарынан Skoda Rapid көлігінің жүргізушісі қаза болды, - деп хабарлайды "Мой город". Жүргізуші ауыр жарақаттан қаза болған, ал оның қасында болған екі жолаушы жарақат алған. Жол көлік апатына ұшыраған екінші "ВАЗ-2110" көлігінде бір адам болған. Ол зардап шеккен жоқ.

БАҚ мәліметі бойынша, Орал қаласында жол көлік апаты 5-қазан күні таңғы 5 шамасында Шолохов пен Құрманғалиев көшесінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, "ВАЗ-2110" көлігі Құрманғалиев көшесіне 100 метрдей жетпей,  Шолохов көшесімен "Омега" ауданына қарай келе жатқан. Оны Skoda Rapid көлігі қуып жетіп, артынан соққан. Соққының салдарынан  "ВАЗ-2110" көлігі жолдың бойына шығып қалған. Ал Skoda Rapid көлігі болса тағы бірнеше метр жүріп барып, темір бағанаға соғысқан. Ауыр соққыдан кейін автокөлік 180 градуссқа айналып кеткен. 

Жол көлік апатының салдарынан Skoda Rapid өртеніп кетті. Отты оқиға болған жерге келген өрт сөндірушілер тоқтатқан. Полиция қызметкерлерінің айтуына қарағанда, жол көлік апатынан қаза болған азаматта көлік жүргізетін куәлік пен көліктің куәлігі болмаған. Құқық қорғау органының қызметкерлері жүргізушінің тек жеке куәлігін тапқан. Оқиға болған жерге сарапшылар келген. Апаттың қалай болғанын анықтаған соң Skoda Rapid көлігін жолдан алып тастады, ал "ВАЗ-2110" көлігін жолдың бойынан шығарып, эвакуатормен алып кетті. Полиция бұл жол апатының салдарын тергеп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети