Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

07 Қазан 2015, 13:04
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Судья қалалық ішкі істер бөлімінің өтінішін назарға алып, жігітті екі айға қамау туралы шешім қабылдады. 

Еске салайық, оқиға 4 қазанда болды. Куәгерлердің айтуынша, Lifan автомобилі Құрманғалиев көшесінде келе жатқан. Ол жаяу жүргінші жолында жол беріп жатқан "ВАЗ-2106" көлігін соғып, оқиға орнынан із жасырды. Бұдан кейін ол сол көшеде келе жатып, келесі жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен. Жүргізуші тағы да оқиға орнынан қашып кетпекші болған, алайда Құрманғалиев-Шолохов қиылысында ол Toyota Land Cruiser автомобилімен соғысып қалып, тұрып қалды. 

Айта кетейік, сараптама жол көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің мас болғанын көрсетті. Ал қайтыс болған келіншектің артында екі баласы қалды: 8 жастағы қызы мен бір жасар ұлы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай