10 мамыр 2018 13:49

Оралда өрт шыққан үй тұрғындары терезеден секіріп құтылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда адамдар өрттен қашып, екі қабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген, - деп жазады "Мой город".


Оралда адамдар өрттен қашып, екі қабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген, - деп жазады "Мой город".

Оқиға 7 мамырда сағат 11:55 шамасында болған. Тұрғындардың сөзінше, балаларды терезден төсек жаймаларын бір-біріне байлап түсіру керек болған. Осындай тәсілмен жерге түспек болған әжей ауыр жарақат алған.

"Өрт шықты деген айғайды естідік. Ұлым мені және қызымды есіктен шығарып жіберіп, өзі құжаттарды алып шығу үшін қалды. Осы кезде біреу өртенген пәтердің есігін ашып, біздің қабатты түтін басты. Үй апат жағдайында, сондықтан адамдар көшеге қараған есіктен шыға алмай, мерт бола жаздады. Мәселен менің ұлым екінші қабаттағы терезеден секірді. Адам бір сәтте бұл өмірмен қоштасады деген ой расымен ауыр екен, қорқынышты", - дейді үй тұрғыны Нейля Кузнецова.

Оның айтуынша, өрт кезінде адамдар мүгедек баланы көтеріп алып шыққан, ал оның әжесі терезеден төсек жаймасымен түсемін деп құлап, ауыр жарақат алған. 

"Мұнда 6 бала бір пәтерде тұрады, олардың бірі мүгедек. Оны есіктен алып шықты, ал қалғаны терезеден түсті. Бойымды үрей билеп, өз салмағымды ұстай алмай құладым. Қазір жамбасым қатты ауырады, қозғала алмаймын", - дейді үй тұрғыны Соня Сариева.

Жергілікті тұрғындард өрт кезінде апат жағдайындағы үй опырыла ма деп қорыққан. 

Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы Міржан Нұртазиев үйдің апат жағдайында болғанын растады. 

"Қазіргі таңда мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша құрылыс жүргізушіні іздеп жатырмыз. Инвестор дайын болғанда көп қабатты жаңа үйдің құрылысы басталады", - деп түсіндірді ол. 

Өрттен кейін пәтерлердің бірінен 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети