23 қараша 2017 11:28

Оралда сәбиін құрылыс маңында қалдырып кеткен әйел қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда құрылыс маңында сәбиін тастап кеткен әйел қоғамдық жұмыстарға (100 сағатқа) тартылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда құрылыс маңында сәбиін тастап кеткен әйел қоғамдық жұмыстарға (100 сағатқа) тартылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, 20 жастағы келіншек 20 мың теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттелді. Бірақ ол сот залында бұл әрекетін түсіндірмеді.

Судья Асқар Исмайловтың айтуынша, ол баласын асырай алмайтындықтан осындай қадамға барған. Келіншек қазіргі уақытта істеген ісіне өкініп, сәбиі Әлижанды алып кетуге дайын екен.

Судьяның айтуынша, бала қазір сәбилер үйінде.

Осыған дейін баласын тастап кеткен келіншектің ата-анасымен тұратыны хабарланған болатын. Ол баланы 9 маусымда босанған. Перзентханадан шыққан соң ол күйеуімен жанжалдасып, баладан осылайша құтылмақшы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети