Оралда темір қоршауға құлаған ер адам оқиғаның мән-жайын айтып берді

23 Қазан 2017, 12:35
0
Оралда темір қоршауға құлаған ер адам оқиғаның мән-жайын айтып берді - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Оралда биіктіктен темір қоршауға құлаған ер адам есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

48 жастағы Қайрен Балмулдинның жағдайы қазіргі уақытта тұрақты. Ол хирургия бөлімінің жалпыға бірдей палатасына ауыстырылды. 

Ер адамды емдеуші дәрігер хирург Бақтияр Тәшкенбаев оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады, алайда қиындықтар болуы мүмкін екен. "Оның тірі қалуы таңғажайып дүние, ішкі органдары қатты зақымдалған. Қазіргі уақытта ер адам жалпы палатаға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ол өзі тамақ ішті, өзі сөйлесіп жатыр", - деді хирург.  

Балмулдинның өзі сол күнгі оқиға туралы айтып берді. "Сол күні жаңбыр жауды, шатырдың үсті тайғақ болды. Мен абайсызда құлап кеттім. (...) Қазір жағдайым жақсы, дәрігер-хирургтарға рақмет, олар маған дер кезінде көмектесті", - деді ол. Сонымен қатар, құрылысшы өзі үшін алаңдаған барлық адамға алғыс білдірді. 

Еске салайық, 17 қазанда 12:40-та Орал қаласының "Астана" ықшамауданында құрылыс монтаждау жұмыстарын атқарып жатқан ер адам екінші қабаттың шатырынан темір қоршауға құлаған. Сол күні оған қалалық ауруханада ота жасалды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай