Оралда ұшақ шассисіз қонды

10 Қазан 2017, 22:39
0
Оралда ұшақ шассисіз қонды -

Оралда ұшақ шассисіз қонды. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, AIR CONTROL әуе компаниясының Орал әуежайының ұшу-қону жолағының навигациялық жүйесінде аралап ұшып шыққан ұшағы 19.56-да шассисіз қонды. Ешкім зардап шекпеді. Экипажда үш адам. 

Әуежай директоры  Хайретдин Расқалиевтің айтуынша ұшақ терезесіне құс соғылған. "Тергеу жүргізіледі, құс тиген. Алдыңғы терезе малмандай қан, солай қонды. Бәрі аман-есен", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай