27 қыркүйек 2014 14:07

Өртенген "Бастау" бильярд клубында 63 үстел бүлінуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыдағы өртенген "Бастау" бильярд клубының ішіндегі 63 бильярд үстелі бүлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап. 


Алматыдағы өртенген "Бастау" бильярд клубының ішіндегі 63 бильярд үстелі бүлінуі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап. 

"Бастау" бильярд клубы - Қазақстандағы ең ірі билярд орталықтарының бірі болатын. Бұл жерде қонақтарға бір мезетте 63-тен астам  бильярд үстелі (орыс, пул, снукер секілді үстел түрлері) қызмет көрсететін.

Клубтың "Бастау" деп аталуының себебі, дәл осы нысанда көптеген алматылық азаматтар спорттың осы түрімен шұғылдануды бастаған. Сондай-ақ, бұл ғимарат еліміздегі тастаяқты серік еткен азаматтардың орталығы саналатын. Халықаралық сайыстарда бақ сынайтын спортшыларымыз да негізінен осы клубта жаттығатын.   

Ғимараттың бірінші қабатында 50 адамға арналған кафе жұмыс істеген. Екінші қабатта 18 орыс үстелі, 9 пула үстелі, сондай-ақ арнайы VIP залда 4 бильярд үстелі болған. Ал қалған бильяр үстелдері үшінші қабатта орналасқан екен.

Сондай-ақ, "Бастау" бильярд клубында бильярд ойнай алмайтын қонақтар үшін арнайы сегіз жолақты боулинг жұмыс жасап тұрған. 

Естеріңізге саламыз, Алматыдағы Шагабутдинов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы "Бастау" бильярд клубы өртенгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Өрт ертеңгі сағат тоғыздар шамасында басталған. Апаттың салдарынан шамамен 200 шаршы метр аумақ жалынға оранды. 

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар қызметінің бір маманы тілшімізге ғимараттың ішінде бір азаматтың қалып кеткенін айтқан болатын. Бірақ, ол азаматтың кім екені әлі белгісіз. Әлі анықталмаған ақпарат көздеріне сенсек, өрт күрделі жөндеу жұмыстары себебінен тұтануы мүмкін.

Қазірге Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл оқиға біздің басылымның назарында болады

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети