27 қыркүйек 2014 12:10

Өртенген "Бастау" бильярд клубының ішінде бір азамат қалып кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыдағы Шагабутдинов пен Қарасай көшелерінің қиылысындағы "Бастау" бильярд клубы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымының тілшісі. 


Алматыдағы Шагабутдинов пен Қарасай көшелерінің қиылысындағы "Бастау" бильярд клубы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымының тілшісі. 

Шагабутдинов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы "Бастау" бильярд клубы ертеңгі сағат тоғыздан бастап өртене бастаған. Апаттың ауқымдылығы соншалық қаланың кез-келген жерінен өрттің жалыны мен түтінін көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, бұл мекенде тек қана бильярд клубы болмаған. Өртенген бұл ғимаратта боулинг орталығы, сондай-ақ, "Кабуто" атты жапон мейрамханасы орын тепкен екен. 

Төтенше жағдайлар қызметінің бір маманы тілшімізге ғимараттың ішінде бір азаматтың қалып кеткенін айтты. Бірақ, ол азаматтың кім екені әлі белгісіз. Аты-жөнін айтудан бас тартқан маман Төтенше жағдайлар қызметінің құтқару қызметі аталмыш азаматты аман алып қалу мақсатында барлық шаралар жасап жатыр.

Қазір өрт аймағында 5 өрт сөндіру көлігі отты ауыздықтауға барын салып жатыр. Әлі анықталмаған ақпарат көздеріне сенсек, өрт күрделі жөндеу жұмыстары себебінен тұтануы мүмкін.

Қазірге Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл оқиға біздің басылымның назарында болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети