Өскемен полицейлері боғауыз басшысын видеоға түсірді

01 Шілде 2015, 08:49
0
Өскемен полицейлері боғауыз басшысын видеоға түсірді - ©oo-osa.org
©oo-osa.org

Өскемен қаласының жол-патруль полициясының қызметкерлері "Оса" қоғамдық бірлестігіне басшылардың өз қоластындағы қызметкерлермен қалай сөйлесетіндігі жайлы видеоны ұсынды.

Видеода көрсетілген оқиға 2015 жылдың 22 қаңтарында Өскеменде болған. Ролик авторы көлікте отырған ер адамның жол полициясының басшысы екенін айтты. "Видеодан "комбаттың" жол-патруль полициясының қызметкерінің шарасыздығын біле тұра тәкаппар және менсінбей сөйлесетінін көруге болады. Алайда "комбаттың" лексиконы шектеулі, ол инспектормен әдепсіз түрде сөйлесіп, Ресей номерімен тұрған автомобильге хаттама толтырып бермесе қызметінде ыңғайсыздықтар туғызатынын айтады", - деп хабарлайды oo-osa.org.

Еске сала кетейік, таяуда "Оса" жол-қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің әкімшілік полициясының инспекторына жұмыстан шығарамын деп қорқытып, ыңғайсыздықтар туғызатынын айтқаны көрінген видео жариялаған еді. Кейін ереже бұзушы ішкі істер органдарының қызметкері болып шығады. Осы іске байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп, оның қорытындысында Ринат Жақсыбаев қызметінен кеткен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай