Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Өскемен, Риддер, Зырян қалаларында жер сілкінді

07 Сәуір 2014, 10:06
0
©Some.kz
©Some.kz

Шығыс Қазақстан облысында MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен "ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесіне сілтеме жасап.

Дүмпулер 6 сәуір күні Астана уақыты бойынша 21.07-де сезілген. "Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер және Зырян қалаларында MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болатын жерасты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1111 шақырым қашықтықтан, Ресей Федерациясы аумағынан анықталған. Оның энергетикалық класы - 13,1-ге тең, магнитудасы - 5,5. 

Бүгін, 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 05.32-де Алматыдан шығысқа қарай 129 шақырым қашықтықта тағы да жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 4,6. Тербелістің жергілікті тұрғындарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, мұның алдында 4-5 сәуір күндері Алматы облысы аумағында екі рет жер сілкінісі тіркелген болатын. Олардың эпицентрі Алматыдан 88 шақырымда және 320 шақырымда анықталды.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай